Бұл туралы Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясының "Қазақанимация" шығармашылық бірлестігі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Наурыз мерекесіне орай үздік отандық мультфильмдер көрермендерге тегін жол тартпақшы. Көрсетілімдер 23-27 наурыз аралығында ұйымдастырылады.
Отандық мульфилмдерді кішкентай көрермендер төмендегі кинотеатрлардан тамашалай алады:
• Астана: Ұлттық әскери-патриоттық орталығы және "Арсенал" кинотеатры.
• Қарағанды: "Сарыжайлау" кинотеатры.
Бағдарламада:
• 2025 жылғы жаңа мультфильмдер мен "алтын қордағы" туындылар.
• Мемлекеттік тілдегі сапалы анимация.
• Шеткі гарнизондардағы (Семей, Отар, Сарыөзек) әскери қызметшілердің балаларына арналған арнайы көрсетілімдер.
Анимация апталығының ашылу салтанаты 23 наурыз күні сағат 12:00-де Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өтеді.