24 ақпаннан бері Украинада кемінде 20 журналист қаза тапты

541

Тағы бірнеше журналист хабар-ошарсыз кетті. 

24 ақпаннан бері Украинада кемінде 20 журналист қаза тапты

24 ақпанда Ресей Украина аумағында "арнайы әскери операциясын" бастағаннан бері кем дегенде 20 журналист қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz Украинаның Ұлттық Журналистер одағының дерегіне сілтеме жасап. 

Одақ ажал құшқан тілшілердің есімдерін жариялады. Бұл тізімді елдің Бас прокуратурасы растады.

Тағы бірнеше журналист жоғалып кетті, олар туралы нақты мәлімет жоқ. Хабар-ошарсыз кеткендердің қатарында Алексей Чернышев есімді журналист бар. Ол 13 наурызда фотожурналист Макс Левинмен бірге Гута-Межигорская ауылына барған еді. Көп ұзамай бұл аймақта қақтығыс басталып, олармен арадағы байланыс үзілді. 1 сәуірде Киев маңындағы Вышгород ауданында Левиннің мәйіті табылды.

Наурыздың ортасында Киев маңында 55 жастағы ирландиялық Fox News операторы Пьер Закржевски және 24 жастағы жергілікті арна продюсері Александра Кувшинова қайтыс болды. Олар Горенка ауылында оққа ұшты.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу