24 маусымнан бастап 2000 теңгелік ескі банкнот айналымнан шығады

633

Мұны Ұлттық банк түсіндірді.  

24 маусымнан бастап 2000 теңгелік ескі банкнот айналымнан шығады Фото: banker.kz

Қазақстанда 2012 жылғы үлгідегі 2000 теңгелік банкноттардың айналым мерзімі аяқталады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ұлттық банк мәліметінше, осы күннен кейін азаматтар ескі үлгідегі купюраларды үш жыл бойы екінші деңгейлі банктер мен "Қазпошта" бөлімшелерінде жаңа банкноттарға айырбастай алады. Ал Ұлттық банктің филиалдары оларды мерзімсіз қабылдай береді.

Бұған дейін 2012 жылғы үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттың да маусым айының соңында айналымнан шығатыны хабарланған еді. Алайда Ұлттық банк оның қатар айналым мерзімін 2027 жылдың шілдесіне дейін ұзартты.

Реттеуші бұл шешімді 2 мың және 10 мың теңгелік банкноттардың айналымын бір мезетте тоқтату банк жүйесіне қосымша жүктеме түсіруі мүмкін екенімен түсіндірді. Сондай-ақ бұл азаматтар мен кәсіпкерлерге ескі купюраларды жаңа үлгіге біртіндеп ауыстыруға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу