banner

24 млн теңге жинаған қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

597

Түркістан облысында WhatsApp-тың 3 чат арқылы ұйымдастырылған қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ҚМА Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

24 млн теңге жинаған қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

Агенттіктің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаментіне 25 адам қаржы пирамидасына шағымданған.

Тексеру барысында Түркістан қаласының тұрғыны "WhatsApp" мессенджерінде "Асыл Инвест", "Оборот 30%" и "30% за 3 дня" чаттарын құрып, хабарлама тарату арқылы азаматтардың қаражатын қаржы пирамидасына тартқаны анықталды. Салымшыларға салым сомасының 30% мөлшерінде пайда алуға кепілдік берілді. Ақша қаржы пирамидасын ұйымдастырушысының банктік шоттарына "Kaspi.kz" қосымшасы арқылы аударылған. Қазіргі уақытта шағым берген тұлғаларға келтірілген шығын сомасы 24 миллион теңгеден асады", – деп жазылған хабарламада.

Агенттік азаматтарды қысқа уақыт ішінде үлкен пайда әкелетін күмәнді жобаларға қатысудан аулақ болуға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу