"25 адамды кепілге алып, кәріз жүйесі арқылы қашқан": Италияда қарулы қарақшылар банкке шабуыл жасады

Олардың қанша ақша немесе бағалы заттарды үптеп кеткені әзірге белгісіз.  

"25 адамды кепілге алып, кәріз жүйесі арқылы қашқан": Италияда қарулы қарақшылар банкке шабуыл жасады Фото: unionesarda.it

Оқиға Италияның Неаполь қаласында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қаскөйлер 25 адамды екі сағат бойы кепілде ұстап, кейін едендегі тесіктен өтіп, кәріз жүйесі арқылы қашып кеткен.

Кепілдегілерді босату бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқан кезде қылмыскерлер ізін суытып үлгерген.

Кепілге алынғандардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ, тек 6 адам қатты күйзеліске байланысты медициналық көмекке жүгінген. Ұрланған мүліктің нақты көлемін анықтау әзірше мүмкін емес. Себебі, қарақшылардың негізгі нысанасы банк сейфтері болған.

Кепілдегілердің бірі Луиджи Нотари бетперде киген адамды көргенде бастапқыда оны әзіл деп ойлағанын айтты. Оның сөзінше, қарақшылар адамдарды тінтпеген, олардың ақшасы мен бағалы заттарына тиіспеген, сондай-ақ банкоматтарға да жақындамаған.

Қазіргі уақытта Италияның ұлттық полициясы кәріз жүйесін тексеріп, қашып кеткен қарақшыларды іздестіруде.

Ал банк алдында жүздеген клиент жиналып, қай сейфтердің бұзылғанын және қандай заттардың ұрланғанын айтуын талап етуде.

Бұл істі Неаполь қаласының бас прокуроры Никола Граттери жеке бақылауына алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу