25 мамырда барлық мектепте бірыңғай сынып сағаты өтеді

187

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы мәлімдеді.

25 мамырда барлық мектепте бірыңғай сынып сағаты өтеді Фото: 24KZ

25 мамырда барлық мектептерде бірыңғай сынып сағаты өтеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дәстүрлі түрде Бірыңғай сынып сағаты аясында сынып жетекшілері оқушыларымен бірге өткен оқу жылының қорытындысын шығарады.

"Елімізде су тасқынына байланысты қалыптасқан жағдайды, сондай-ақ ата-аналар қауымдастығының ұсынысын ескере отырып, 2024 жылғы 25 мамырдағы оқу жылының аяқталуына орай барлық мектептерде Бірыңғай сынып сағатын өткізу туралы шешім қабылданды. Аттестаттар тапсыру және "Алтын белгімен" марапаттау/ емтихандар аяқталғаннан кейін/ 12-15 маусым аралығында өтеді", - деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу