"25 орама тәркіленді": Алматыда есірткі таратушы ұсталды

249

Жедел-іздестіру барысында 29 жастағы қала тұрғыны ұсталды.    

"25 орама тәркіленді": Алматыда есірткі таратушы ұсталды Фото: polisia.kz

Алматы қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңсыз есірткі айналымына қатысы бар кезекті күдікті ұсталды, хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жеке тінту кезінде одан 25 орама тәркіленді. Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес, алынған зат синтетикалық есірткі мефедрон екені анықталды.

Тергеу барысында күдіктінің есірткіні жасырын жолмен таратумен айналысқаны анықталды. Оның айтуынша, заңсыз іске интернет арқылы тартылған, ал "қызметі" үшін ақы онлайн-аударымдар арқылы төленіп отырған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта полицейлер қылмыстық тізбектің ұйымдастырушыларын және өзге де қатысы бар тұлғаларды анықтауға кірісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу