Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы кинологиялық бөлімшесінің жетекшісі Наталья Дрожжина кинолог болып 25 жылдан бері қызмет етіп келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оның бұл мамандықты таңдауына иттерге деген сүйіспеншілігі себеп болған.
Кинологтар мен олардың төрт аяқты серіктестері із кесу арқылы жоғалған адамдарды іздейді, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы апаттар кезінде үйінді астында қалған зардап шеккендерді табуға көмектеседі.
Қазір Наталья бретон эпаньолі Пуля және лабрадор Геля атты иттермен бірге жұмыс істейді. Адамның мүмкіндігі жетпеген жағдайда иттердің өткір есту қабілеті мен ерекше иіс сезуі құтқарушыларға көмекке келеді.
Қызмет барысында кинологтар иттермен тұрақты түрде арнайы жаттығулар өткізеді. Ал кинологиялық есептоптар жүктелген міндеттерді орындауға дайын екенін растау үшін жыл сайын аттестаттаудан өтеді.
Наталья Дрожжина мен оның төрт аяқты серіктестерінің жұмысы адам мен жануар арасындағы байланыстың адам өмірін сақтап қалуға септігін тигізетінін көрсетеді.