26 қараша Шымбұлақта қысқы маусым ашылады

Демалушылар үшін ұзындығы 25 шақырымды құрайтын 14 жол әзірленеді. 

26 қараша Шымбұлақта қысқы маусым ашылады Фото: Алматы қаласының әкімдігі

26 қараша Алматының көркіне айналған тау-шаңғы кешенінде қысқы маусымның ресми ашылуы болады.  

Курортта демалушылар үшін ұзындығы 25 шақырымды құрайтын әртүрлі қиындықтағы 14 жол қарастырылған.
   
Ал "Ой-Қарағай" тау-шаңғы курортында қысқы маусым 3 желтоқсан басталады. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін жалпы ұзындығы 22 шақырымды құрайтын 20 шаңғы және шана жолы әзірленеді.

 "Шымбұлақ" және "Ой-Қарағай" тау шаңғысы орталықтарының аумағында бір маусымдық билет сатып алуға болады. Ол екі кешеннің де аспалы жолын пайдалануға мүмкіндік береді.  Туристік өнім Алматы қаласы мен Алматы облысының таулы курорттарын біріктірудің алғашқы қадамы болмақ. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу