26 қарашада астаналық оқушылар мектептегі қосымша сабақтарға бармайды

531

Ауа райының күрт бұзылуына байланысты 26 қараша, сенбі күні елорда оқушылары мектепке бармайды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

26 қарашада астаналық оқушылар мектептегі қосымша сабақтарға бармайды

IKomek жедел қызметі таратқан мәліметке қарағанда, ертең күндіз елордада 22-24 градусқа дейін аяз, түнде ауа температурасы 30-32 градусқа дейін суытады.

Қазірдің өзінде толассыз қар жауып, ақтүтек боран соғып тұр.

Осыған байланысты мектептегі сенбіге жоспарланған қосымша факультатив сабақтар, үйірмелер мен секциялар қашықтан ұйымдастырылады.

Осыған дейін Астана әкімдігі мен төтенше жағдайлар қызметі тұрғындардан осы демалыста қала сыртына шықпауды өтінген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу