26 маусым – Халықаралық азаптау құрбандарын қолдау күні

122

Бүгін әлемде Халықаралық азаптау құрбандарын қолдау күні аталып өтуде – бұл адамзатқа қарсы жасалатын жантүршігерлік қылмысты бүкіл халықаралық қауымдастық болып қатаң айыптайтын күн. 

26 маусым – Халықаралық азаптау құрбандарын қолдау күні Фото: Главком

Біз азаптаудың қорқынышын бастан өткерген барлық жандарды еске алып, оларға қолдауымыз бен ынтымақтастығымызды білдіреміз. Мұндай ауыр сынақты өткерген әрбір адам тек жанашырлыққа ғана емес, әділ қарым-қатынасқа, оңалтуға жәрдем мен өз құқықтарының қорғалуына толықтай лайық, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

2013 жылы Қазақстан Азаптауға қарсы конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялады. Осы құжаттың аясында елімізде Ұлттық алдын алу тетігі құрылды. Оның негізгі міндеті – жабық мекемелерге тәуелсіз түрде барып, азаптаудың алдын алу.

Бүгін біз азаптаудың қандай жағдайда болсын адам қадір-қасиетін өрескел бұзатын әрекет екенін тағы бір мәрте қатаң мәлімдейміз. Мұндай қылмыстардың түбегейлі жойылуы және оған жол бергендердің әділ жазаға тартылуы үшін барлық қажетті шаралар қабылданатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу