26 мыңға жуық қарыз қайта қаржыландырылған

2087

Бас банк ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының екі бағыты бойынша қанша қаражат бөлінгендігін хабарлады.

26 мыңға жуық қарыз қайта қаржыландырылған

Аталмыш бағдарламаның алғашқы блогы 2004 – 2009 жылдар аралығындағы кезеңде қарыз алған ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған. Ұлттық банк көрсетілген қарыздарды қайта қаржыландыруға 130 млрд теңге бөлген. Осы жылдың 10 қыркүйегіндегі жағдай бойынша бағдарлама шеңберінде револьверлік тетікті ескере отырып 168, 2 млрд теңге сомасында 27 229 қарыз мақұлданды, 152,8 млрд теңге сомасында 25 832 қарыз қайта қаржыландырылған.

Ал бағдарламаның екінші блогы жеке тұлғалардың 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алған валюталық ипотекалық қарыздарын қаржы реттеушінің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша теңгемен қайта қаржыландыруды көздейді.

"2019 жылғы 10 қыркүйекте банктер 72,9 млрд теңге сомаға 8 313 өтінімді мақұлдады, 58,8 млрд теңге сомаға 6 906 қарыз қайта қаржыландырылды",– делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу