2670 азаматқа қатысты соттан тыс банкроттық рәсімі басталды

Ол барлық өтініштердің 26%-ы.  

2670 азаматқа қатысты соттан тыс банкроттық рәсімі басталды Фото: gov.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов баяндады.

Мемлекеттік органдар, банктер мен кредиттік бюроның электрондық базаларымен есеп айырысу арқылы "Qoldau" Жеке тұлғалардың банкроттығы Ақпараттық жүйесінде автоматты түрде жүргізіледі.

Азаматтардың өтініштерін өңдеу және скоринг жүргізу үшін 31 интеграция іске асырылды. Жұмыстар ЦДИАӨМ-нің "Smart Bridge" интеграциялық платформасы арқылы жүргізілді.

Сонымен қатар, тиісті интеграциялық қызметтері жоқ 6 ақпараттық жүйеге скоринг өткізуге тікелей қол жетімділік берілді.

"Бүгінгі күні 10382 арыздардың тексерілуі аяқталды (бұл барлық келіп түскен арыздардың 30%), нәтижесінде, 2 670 азаматқа қатысты соттан тыс банкроттық рәсімі басталды, бұл барлық жүгінгендердің 26% құрайды. Оның ішінде 375 тұлға атаулы әлеуметтік көмекті алушылар, 985 азамат қарызын 5 жылдан артық уақыт өтемеген" - деді спикер.

Аталған борышкерлер бойынша мәліметтер "электрондық үкімет" веб-порталында орналастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу