27 қыркүйектегі саудада 5,72 теңгеге көтерілді

363

Бүгінгі доллар бағамы - 482,77 теңге.

27 қыркүйектегі саудада 5,72 теңгеге көтерілді Фото: inbusiness.kz

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы күрт өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Күнделікті сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 5,72 теңгеге көтеріліп, 482,77 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 27 қыркүйектегі ресми бағамы - 476,89 теңге.

Дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 481,15 теңге, сатылымы 483,83 теңге болды. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 478,92 теңгеден сатып алынып, 484,02 теңгеден сатылып жатыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу