Air Astana әуе компаниясы Санья-Астана рейсінің кешіктірілуіне байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"4 қарашаға жоспарланған Санья-Астана бағыты бойынша KC584 чартерлік рейсі техникалық ақауға (жасыл гидравликалық жүйедегі төмен қысым) байланысты 5 қарашаға көшірілді. Ақаулы бөлшек ауыстырылды. Жолаушыларға трансфер, тамақ және қонақ үй ұсынылды", – деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Әуе кемесі Санья әуежайынан жергілікті уақыт бойынша 5 қарашада сағат 10.07-де ұшып кетті және Астанаға сағат 14.45-те қонады деп күтілуде. Ұшақ жалпы 27 сағат кешіккен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу