27 жылға сотталған Бразилияның экс-президенті түрмеде жазасын өтеуді бастады

77

70 жастағы Болсонару шағын камерада отыр.

27 жылға сотталған Бразилияның экс-президенті түрмеде жазасын өтеуді бастады Фото: Mateus Bonomi / Reuters

Сейсенбі күні Бразилияның жоғарғы сотының шешімі бойынша экс-президент Жаир Болсонару түрмеде жазасын өтеуді бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

27 жыл 3 айға сотталған Болсонару ел астанасы Бразилиядағы Федералдық полицияның штаб-пәтері аумағында жазасын өтейді. Ол өткен аптада осы жерге жеткізілген. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, 70 жастағы бұрынғы президент 12 шаршы метрлік шағын камерада отыр. Бөлме теледидар, шағын тоңазытқыш және кондиционермен қамтамасыз етілген.

Жоғарғы сот осы айдың басында оның үкімге қарсы апелляциясын қанағаттандырмады. Сейсенбі күні бұл түпкілікті үкім екенін хабарлады. Жаир Болсонару 2022 жылғы сайлаудан кейін Луис Инасиу Лула да Силваның президенттік қызметіне кедергі жасау мақсатында астыртын жоспарға қатысы бар деп танылған болатын. Прокурорлар бұл жоспардың жоғарғы әскери басшылықтың қолдау көрсетпеуі себебінен іске аспай қалғанын мәлімдеді.

Болсонару бұған дейін тұрғын кешенінде үй қамақта отырды. Жоғарғы сот судьясы шығарған шешімде саясаткердің электрондық бақылау білезігін бүлдіруге тырысқаны да айтылған.  

Айта кету керек, бұған дейін билікті басып алғысы келген Бразилияның экс-президенті 27 жылға сотталып кеткенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу