270 жеке емшара кабинеті өз қызметін ерікті түрде тоқтатты

138

ДСМ қабылданып жатқан шаралар ең алдымен пациенттердің денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтауға, медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз етуге және заңнама талаптарын сақтауға бағытталғанын атап өтеді.

270 жеке емшара кабинеті өз қызметін ерікті түрде тоқтатты Фото: medina-s.ru

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңсыз медициналық қызмет көрсету фактілерін және медициналық көмек көрсету кезіндегі стандарттардың бұзылуын анықтау мақсатында республика бойынша жеке емшара кабинеттеріне тексеру жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті жүргізген мониторингтің барысында 1900 жеке емшара кабинетінің 408-і тиісті лицензиясыз медициналық қызмет көрсеткені анықталды.

Уәкілетті орган жүргізген тексерулердің нәтижесінде 270 емшара кабинеті өз қызметін ерікті түрде тоқтатты; бірқатар субъектілер қызметін заңдастыруға дайын екенін білдіріп, рұқсат беру құжаттарын рәсімдеуге кірісті; 116 нысанға қатысты жоспардан тыс тексерулер басталды.

Аяқталған тексеру іс-шараларының қорытындысы бойынша мынадай жүйелі бұзушылықтар анықталды:

• медициналық қызметті лицензиясыз жүзеге асыру;
• санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамау;
• дәрілік заттарды сақтау шарттарының бұзылуы;
• білікті медициналық персоналдың болмауы;
• шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған қажетті жиынтықтардың болмауы.

Бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша:
• 147 әкімшілік хаттама толтырылды;
• жалпы сомасы 16 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу