275 мың мемлекеттік қызметшінің жалақысын 35 пайызға арттыру көзделіп отыр

943

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 есе өсіп, 42 500 теңгеге жетеді.

275 мың мемлекеттік қызметшінің жалақысын 35 пайызға арттыру көзделіп отыр

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 есе өсіп, 42 500 теңгеге жетеді. "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ-ның макроэкономикалық зерттеулер және болжау орталығының сарапшысы Генриетта Строева президенттің бұл бастамасының Қазақстанның ЖІӨ беретін әсері туралы айтып берді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Президент "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Жолдауында халықтың әл-ауқатының артуы ең алдымен, табыстың тұрақты өсуі мен өмір сүру сапасына байланысты екенін атап өтті. Осы орайда үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есеге өсіруге, яғни 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін арттыру міндеті қойылды. Бұл бастама түрлі салада жұмыс істейтін 1,3 млн адамға тікелей әсер етеді.

Сонымен қатар, бюджеттік ұйымдарда жұмыс істейтін 275 мың мемлекеттік қызметшінің жалақысын 35%-ға арттыру көзделіп отыр.

Генриетта Строеваның айтуынша, халықтың табысын арттыру бойынша ұсынылған шаралар Кейтц индексін (ең төменгі жалақы мөлшерінің орташа айлық жалақыға қатынасы) 25%-ға дейін жақсартуға ықпал етеді. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 17,6%-ды құрап отыр. Ең төменгі жалақының өсуімен салықтық аударымдардың шегерілуіне байланысты жұмыспен қамтылған халықтың салықтық жүктемесі азаяды.

"Қазіргі экономикалық өсім мен мемлекет басшысының бизнесті қолдауы жеке сектор кәсіпорындарына жалақыны көтеру бастамасын қолдауға мүмкіндік береді", — дейді сарапшы.

Нәтижесінде, сарапшының болжауынша, экономикада "таралу әсері" байқалуы мүмкін, яғни еңбекпен қамтылған азаматтардың кірісі кем дегенде 96 млрд теңгеге артуы мүмкін.

"Бұл халықтың төлем қабілеттілігінің өсіп, ішкі сұраныстың артуы әрі көлеңкелі экономика көлемінің азаюы секілді мультипликативті әсер береді. Егер инфляциялық дәліз сақталған жағдайда, ұсынылатын бастама еліміздің ЖІӨ өсуіне ықпал етеді", — деді Генриетта Строева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу