28 тамыздан бастап қоғамдық көліктің сенбі күні жүруіне рұқсат етіледі

842

Бірақ бұл рұқсаттың Алматы қаласына қатысы жоқ.

28 тамыздан бастап қоғамдық көліктің сенбі күні жүруіне рұқсат етіледі

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа Қаулысы жарияланды. Қаулыға сәйкес, Алматы қаласын қоспағанда, биылғы жылғы 28 тамыздан бастап мыналардың жұмысына:

- демалыс күндері – "Ashyq" жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмысына – сағат 00.00-ге дейін, "Ashyq" жобасының көшбасшыларының жұмысына – қызметкерлер мен келушілерде "жасыл мәртебе" болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) сағат 02.00-ге дейін;

- сенбі күндері – қоғамдық  көліктің жұмысына рұқсат етіледі

Алматы қаласын қоспағанда, ағымдағы жылғы 30 тамыздан бастап "Ashyq" жобасына қатысатын барлық бизнес объектілері үшін жұмыс уақытын (режимін) жұмыс күндері сағат 22.00-ден 00.00-ге дейін, "Ashyq" жобасының көшбасшылары үшін сағат 00.00-ден 02.00-ге дейін ұзартсын;

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу