280 тонна бензинді Өзбекстанға заңсыз тасымалдамақ болғандар ұсталды

681

Ұсталғандар шетелдік компаниямен 45 млн долларға 50 мың тонна бензин жеткізуге келіскен.

280 тонна бензинді Өзбекстанға заңсыз тасымалдамақ болғандар ұсталды

Павлодар облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында АИ-95 маркалы бензинді ел аумағынан заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Көлемі 280 тонна, құны шамамен 90 миллион теңгені құрайтын жанармай құйылған 5 вагон-цистерна ұсталды, олар жанармай қоспасы деген желеумен Өзбекстанға алып кетпек болған. Мамандардың қорытындысына сәйкес, теміржол цистерналарынан алынған сынамалар К-4 экологиялық класындағы АИ-95 бензині болып табылады", – деп жазылған хабарламада.

Белгілі болғандай, келісімшарт бойынша шетел компаниясының пайдасына елден жалпы сомасы 45 миллион долларға 50 мың тонна экспорттау жоспарланған.

"Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді", – дейді агенттіктен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу