29,3 млн тонна көмір экспортталды

587

Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов елімізде қаңтар-сәуір аралығында қанша тонна көмір өндірілгенін жариялады. 

29,3 млн тонна көмір экспортталды

"Өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша көмір тұтыну көлемі шамамен 10 млн тонна болды. Оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға 2,8 млн, халыққа 7,2 млн тонна жұмсалды. Көмірмен қамтамасыз ету көлемі 100% -ды құрады", – деді Бейбіт Атамқұлов.

Министр мамырға дейінгі 4 айда 36,5 млн тонна көмір өндірілгенін атап өтті.

"Алдағы маусымға қажет отын мөлшерін әкімдіктер 1 шілдеге дейін ұсынуы қажет. Көмір концентратын есептемегенде 2020 жылы 107,2 млн тонна көмір өндірілді. Елдің ішкі нарығында энергия өндіруші кәсіпорындарға 58,8 млн тонна көмір тиелді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2,6%-ға артық. Өнеркәсіп кәсіпорындарына 5,6 млн тонна көмір бағытталды. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа деп 10,6 млн тонна көмір тиелді. Экспорты шамамен 29,3 млн тонна көмірді құрады", – деді Бейбіт Атамқұлов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу