29 маусымға арналған ауа райы: еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

150

Жел екпіні 28 м/с-қа дейін күшейіп, бірқатар өңірде аптап ыстық сақталады.  

29 маусымға арналған ауа райы: еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды Фото: stock.adobe.com

29 маусымда Қазақстанның көптеген өңірінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл және екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с-қа дейін жететін жел күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

 Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Абай, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында қолайсыз ауа райы болжанып отыр.

Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы және Жетісу облыстарында ауа температурасы +35 пен +38 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық сақталады.

Бұдан бөлек, көптеген өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Мамандар тұрғындарды ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу