3,36 тоннаға жуық алтын құйма сатылды – Ұлттық банк

610

Тек шілде айында 2 700-ден астам алтын құйма сатылған.

3,36 тоннаға жуық алтын құйма сатылды – Ұлттық банк

2022 жылдың шілде айында екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктерінде жалпы салмағы 97,4 келі 2 712 алтын құйма сатылған, деп хабарлайды inbusiness.kz бас банк мәліметіне сүйеніп.

Айта кетсек, халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын Ұлттық Банк 2017 жылы іске қосқан болатын. Содан бері жалпы салмағы 3,36 тоннаға жуық 99 451 алтын құйма сатылған.

Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады (5, 10, 20, 50 және 100 г). Сатып алушылар арасында өте жоғары сұранысқа ие түрі – 10 грамдық алтын құйма. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі – 26%, яғни, 25 589 дана. Одан кейін 20 грамдық  құйма сұранысқа ие, 21 484 дана (22%) сатылған, 5 грамдық құймадан 20 735 дана (21%), 100 грамдық құймадан 19 708 дана (19%), 50 грамдық құймадан 11 935 дана (12%) сатылды. Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында көп сатылады.

Бағдарлама іске қосылғалы екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктері жалпы салмағы 379 келі 15 279 алтын құйманы кері сатып алған, бұл – жалпы сатылған құймалардың 15%-ы. Олар кері сатып алған алтын құймалардың барлығы дерлік Ұлттық Банктің филиалдары арқылы халыққа сатылады.

Әрбір құйма қорғау элементтерімен қапталған (құйманың айна беті, микротекст және жиегі бар) және арнайы қорапқа салынып шығады, сол арқылы құйманың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге болады. Қорғап тұратын қорап, сондай-ақ сапа сертификаты болып саналады. Сондықтан алтын құйманы ұқыпты сақтап, қорабын бүлдірмеуге кеңес береміз.

Қазір алтын құймаларды Halyk Bank, Еуразиялық Банк, Jusan Bank, ЦентрКредит Банкі, сондай-ақ жекелеген банктік емес пунктерден сатып алып, кері сатуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу