3 айда қазақстандықтар 22 мыңнан аса жаңа көлік сатып алған

698

Биыл қаңтар-наурызда ел тұрғындары 22 мыңнан аса жаңа көлік сатып алды. Бұл туралы Қазақстан автобизнес қауымдастығының вице-президенті Анар Мақашева айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

3 айда қазақстандықтар 22 мыңнан аса жаңа көлік сатып алған

Ол былтыр ресми дилерлер 117 мыңнан аса жаңа көлікті сатқанын, нарықтағы автомобильді сату өсімі 26% болғанын атап өтті. 

"2020 жылы пандемияға қарамастан көлікті сатуда өсім байқалды... Отандық көлік өндірісіндегі өсім – 20%. 2022 жылғы қаңтар-наурызда автомобильді сатуда өсім байқалды. Мысалы, наурызда өсім 26,8% болды. Биыл қаңтар-наурызда қазақстандықтар 22 293 жаңа көлікті сатып алды", – деді Анар Мақашева ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Қауымдастықтың вице-президентінің пікірінше, 2022 жылы көлік сатуда 20% өсім деңгейінде сақталады.

"Ресми импорттаушылардың болжамына сүйенсек, биыл жаңа көліктерді сату көрсеткіші 117 мыңнан асуы ықтимал. Біз өсім 20% деңгейінде сақталады деп болжаймыз. Бұл көптеген ресми өндірушінің логистика мәселелерді шешуі, логистикалық жолдардың өзгеруі, жеткізушілердің ауысына байланысты", – деді вице-президент.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу