Жолға қойылған көлік 20 минутты ұрлады: Астанада 3 бала қаза тапқан пәтердегі өрт

276

Тергеу амалдары басталды. 

Жолға қойылған көлік 20 минутты ұрлады: Астанада 3 бала қаза тапқан пәтердегі өрт Фото: Бейнежазбадан

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 3 бала көз жұмған өртке қатысты ақпарат берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қайғылы оқиға 12 сәуірге қараған түні Түркістан көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерде болған. 

"ТЖМ күштері мен құралдары оқиға орнына жедел жетті. Алғашқы бөлімшелер келген кезде пәтердің бүкіл аумағы ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Пәтердің металл есікпен жабылған, екі құлып орнатылған, оны құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен бұзып ашты. Өртті сөндіру барысында жанып жатқан пәтерден бір әйел құтқарылып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Оқиға орнынан үш кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды", – делінген хабарламада.

ТЖД мәліметінше, ауладағы кіреберіс металл қақпалармен жабылып, аулада автокөліктер тұрған. Құтқарушылар өрттің көрші пәтерлерге таралуына жол берген жоқ.

Өрт фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу