3 минутта қытайлықтар 1 жарым миллиард долларға сауда-саттық жасады

813

3 минутта қытайлықтар 1 жарым миллиард долларға сауда-саттық жасады

Қытайда 11 қараша жұбы жоқ, жалғызбасты жастар мерекесі саналады. Дәл осы күнді интернет-дүкендер барынша тиімді пайдаланып қалуға тырысады. Тұтынушылар үшін жаппай жеңілдіктер жасалып, сауда қызады. Биыл бойдақтар мерекесінің алғашқы 3 минутында қытайлықтар 1 жарым млрд долларға сауда-саттық жасады, деп хабарлайды 24.kz. 

Олардың 90 пайызы ұялы телефонның төлем жүйесін пайдаланған. Өткен жылы ғана бұл көрсеткіш 80 пайыздан сәл асқан еді.

"Али-баба" корпорациясының мәліметі бойынша түнгі сағат 12-ден асқанда ғаламтор саудасы әлемнің 195 елін қамтыды. Алдыңғы бестікте Жапония, АҚШ, Австралия, Оңтүстік Корея және Германия болды. Қазір Alipay жүйесі арқылы 27 валюта түрімен есеп айырысуға мүмкіндік бар. Сауда ашылған соң бір сағатқа жетпей-ақ, сауда айналымы 7 жарым млрд доллардан асқан.

"11.11 мерекесі қытайлықтар үшін жаппай сауда жасайтын күнге айналып үлгерді. Бұл қыздар қауымына жақсы болды. Мен осы күнгі жеңілдіктерді пайдаланып, косметика, киімдер, тұрмыстық техникаларды сатып алдым. Осылайша шамамен 3000 юаньды бір сағаттың көлемінде жұмсап жібердім", - дейді Бейжің тұрғыны.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу