3 млн-нан аса адам санақтан онлайн өткен

555

Төрт ер адамның жынысы деректер базасында әйел деп көрсетілгені белгілі болды. 

3 млн-нан аса адам санақтан онлайн өткен

Науқан басталғалы Халық санағының онлайн кезеңіне қатысқандардың саны 3 млн адамнан асты, деп хабарлайды inbusiness.kz. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов онлайн бифинг барысында айтты. 

"Халық санағы басталғанына екі апта өтті. Қазіргі уақытта ол тек онлайн режимде өтіп жатыр. Санақ сұрақтарына жауап берудің бірнеше тәсілі бар. Ол үшін арнайы Sanaq.gov.kz сайтын, eGov порталын, Aitu мобильдік қосымшасын пайдалану мүмкіндігі бар. Бүгінгі сағат 14.00-дегі жағдай бойынша, санақтан 3 млн 24 мың азамат өтті", - деген спикер санақ кезінде жиі кездесетін қателіктерге тоқталды.

"Халық санағын өткізу барысында азаматтардың бірқатар дұрыс емес деректері анықталды. Санақтан өткендер сауалнамаларды толтырудың бастапқы кезеңінде кейбір жолдар автоматты түрде толтырылатынын байқаған шығар. Бұл мемлекеттік деректер қорынан алынған тегі, аты, әкесінің аты, жынысы және басқа да ақпарат. Мысалы, төрт ер адам деректер базасында әйел деп көрсетілгені белгілі болды. Үш әйел ер адамдар ретінде көрсетілген. Бұл адамдарға мәртебесін өзгерту үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгіну ұсынылды", - деді бюро басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу