Қазақстан да Олимп шыңын бағындырған оғландарына көп көлемде сыйақы төлейтін болып шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мысалы, 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшы алтыннан алқа тақса, шамамен 250 мың доллар (123 миллион теңгеден аса) көлемінде сыйақыға ие болады. Бұл – Олимпиадаға қатысатын елдер арасындағы ең жоғары төлемдердің бірі.
Зерттеуге Олимпиада ойындарына қатысатын 92 елдің көрсеткіші енген. Forbes дерегінше, ең төменгі сыйақы Жаңа Зеландия спортшыларына беріледі. Онда Олимпиада жеңімпазына шамамен 3 мың доллар төленеді. Ал ең жоғары көрсеткіш Сингапурға тиесілі. Ол мемлекетте алтын медаль иегері 787 мың долларға дейін сыйақы алады. Бұл тізімді Гонконг (768 мың доллар) пен Польша (355 мың доллар) спортшылары толықтырады.
Басқа елдердегі сыйақы мөлшері:
Италия – шамамен 213 мың доллар;
Кипр – 177 мың доллар;
Болгария – 151 мың доллар;
Литва – 133 мың доллар;
Косово – 130 мың доллар;
Эстония – 118 мың доллар.
Қызығы, дамыған спорт инфрақұрылымына ие АҚШ-та Олимпиада чемпиондарына берілетін сыйақы салыстырмалы түрде төмен. Мұнда алтын медаль үшін спортшы шамамен 37 500 доллар ғана сыйақы алады.