3 жасар баланың өліміне оның күтушісі кінәлі болуы мүмкін

645

Осындай күдікпен Талдықорған қаласының 23 жастағы тұрғыны ұсталды.

3 жасар баланың өліміне оның күтушісі кінәлі болуы мүмкін

12 қыркүйекте Талдықорғандағы аурухананың бірінде 3 жасар бала қайтыс болды. Дәрігерлердің айтуынша, бала басынан жарақат алған, деп хабарлайды inbusiness.kz  polisia.kz-ға сілтеме жасап.

"Оның өліміне қатысы бар деген күдікпен бұрын осы баланы қарап баққан 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Қызды УҰИ қамауға алды, бірақ кейінірек қалалық сот күдіктіге "үй қамағы" санкциясын берді. Осы факті бойынша сараптама тағайындала отырып, тергеу ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі (абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) негізінде жүргізіледі. Қылмыстық іс облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауына алынды",- деп жазады ақпарат көзі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу