30 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі баланың жәрдемақысы өседі

584

Мәжілістің жалпы отырысында азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша заң жобасы талқыланды. 

30 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі баланың жәрдемақысы өседі Фото: inbusiness.kz

Жиында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов 7-16 жас аралығындағы балалар мүгедектік тобы бойынша бөлінетінін баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бала денсаулығының бұзылу дәрежесін және тіршілік әрекетінің шектелуін ескере отырып, заң жобасында 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік тобы бойынша бөлу көзделеді. Бұл шара балалар ауруының дәрежесіне қарай оңалту іс-шаралары мен әлеуметтік көмекті, оның ішінде жәрдемақы мөлшері бөлігін саралауға мүмкіндік береді. Бұл ретте мүгедектігі бар балалардың барлық тобы үшін жәрдемақы мөлшері 16,7%-дан 37%-ға дейін ұлғаяды. Бұл шара 30 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі балаға қатысты болады", – деді Серік Шәпкенов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу