Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында жаңбыр жауып, найзағай болады. Кей жерлерде жауын-шашын күшейеді.
Елдің басым бөлігінде, соның ішінде Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Бірқатар өңірде жел күшейеді. Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Ұлытау, Жетісу және Алматы облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Жамбыл облысында шаңды дауыл болжанып отыр.
Сонымен қатар, Қостанай, Түркістан, Жетісу және Қызылорда облыстарының кей бөліктерінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.