Сол себепті, биылдан бастап 30 тамыз жұмыс күніне ауыстырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай айтып отыр. Осыған дейін 30 тамызда Конституция күні аталып келді. Десе де, бұдан былай бұл мереке 15 наурызға ауыстырылады.
– 30 тамыз демалыс күні болмайды, өйткені жаңа Конституция қолданысқа енгізілсе, 15 наурыз ресми түрде Конституция күні болады, – деді вице-министр Мәжіліс кулуарында.
Сонымен, Қазақстанда жыл сайын енді Конституция күні 15 наурыз күні аталып өтілмек.
Бұған дейін қазақстандықтар Наурыз мейрамында неше күн демалатыны туралы жаздық.
Сондай-ақ, "Жұрт Наурызға қатарынан 9 күн демалыс алып жатыр" деген тақырыпта да материал жарияланды.