30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар мұғалімдер ҰБТ-дан босатылады

860

30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар педагогтер Ұлттық біліктілік тестілеуін (ҰБТ) тапсырудан босатылып, тек қызмет нәтижелерінің жан-жақты аналитикалық қорытындысын, яғни портфолионы ғана тапсырады, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.  

30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар мұғалімдер ҰБТ-дан босатылады Фото: azattyq-ruhy.kz

Сондай-ақ ескі жүйе бойынша "бірінші", "жоғары" санаттары бар мұғалімдер жұмыс нәтижелерін жан-жақты қорытындылау арқылы "педагог-модератор" біліктілік санатына ауысса, онда ҰБТ-дан босатылады.

Сонымен қатар зейнет жасына шығуға төрт жылдан аспайтын уақыт қалған мұғалімдер аттестациядан босатылады.

"Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдердің аттестациядан өту ережесіне өзгерістер енгізді. Бұл ретте педагогтердің ұсыныстары мен тілектері ескерілді. Мысалы, бұрын еңбек өтіліне және тәжірибесіне қарамастан барлық мұғалім ҰБТ тапсырса, енді жекелеген санаттар ҰБТ-дан босатылады. Бұл үлкен, 30 жыл педагогикалық өтілі бар, зейнетке шығуға 4 жыл қалған мұғалімдерге де қатысты. Аттестация мұғалімдердің біліктілік деңгейін анықтау мақсатында өткізілетінін, оның нәтижелері бойынша оларға біліктілік санаттары тағайындалатынын немесе бекітілгенін және жалақының 30-дан 50%-ға дейінгі мөлшерінде ай сайынғы үстемеақы төленетінін атап өтемін", - деді Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитеті төрағасы Гүлмира Каримова.

Аттестациядан өту кезеңдері де қайта қаралды. Бірінші кезеңде мұғалімдер білім беруді ұйымдастыру барысында біліктілік бағалаудан өтеді. Одан кейін өз қызметі нәтижелерінің жан-жақты аналитикалық қорытындысын тапсырады, яғни олар портфолиосын сараптамаға ұсынады.

Келесі кезең – Ұлттық біліктілік тесті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу