31 наурыздан бастап Орал-Мәскеу бағытында ұшақ қатынай бастайды

787

31 наурыздан бастап Орал-Мәскеу бағытында ұшақ қатынай бастайды

S7 Airlines авиа тасымалдаушысы жаңа Мәскеу - Орал (Қазақстан) рейсі ашылғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлады "ҚазАқпарат" ХАА. 

Авиабилеттер сатылып жатыр. Мәскеудің Домодедово әуежайынан рейстер 2017 жылғы 31 наурыздан бастап жұма күндері ұшады. Мәскеуден 2.10-да шығып, Қазақстанға жергілікті уақыт бойынша 6.10-да жетеді. Кері рейс Орал әуежайынан 7.10-да шығып, Домодедовоға Мәскеу уақыты бойынша 7.10-да жетеді. Ұшырылым Airbus A319 заманауи жайлы лайнерімен жүзеге асырылады, деп хабарлады баспасөз қызметінен.

"S7 Airlines - Оралдан Ресейге ұшатын жалғыз авиакомпания. Тікелей қатынас Орал тұрғындарына Мәскеуге жетуіне мүмкіндік жасап қана қоймай, Домодедова әуежайында түйісетін ыңғайлы S7 Airlines маршруттық желісімен қалаларға саяхаттауға да мүмкіндік береді", - деді S7 Group коммерциялық директоры Игорь Веретенников.

S7 Airlines рейсімен Мәскеуге Қазақстанның Көкшетау, Тараз, Өскемен сияқты қалаларынан да баруға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу