32 тонна алюминий ұрлағандар ұсталды

640

Жалпы шығын көлемі 40 млн теңгеден асып кетті.  

32 тонна алюминий ұрлағандар ұсталды

Осы жылдың жазында Павлодар қаласында отандық кәсіпорындардың біріне қарасты жылжымалы құрамнан әлдекімдер 32 тонна алюминийді үптеп кетіпті. Кәсіпорын басшылығынан тиісті арыз түскен соң көлік полициясының қызметкерлері жедел іздестіру шараларына кірісті. Нәтижесінде тәртіп сақшылары облыс орталығының бес тұрғынын ірі көлемде ұрлық жасады деген күдікпен тұтқындады. Белгілі болғандай, олардың төртеуі – теміржол күзетінің қызметкерлері, біреуі – жүкті сатып алушы.

Күдіктілер өз кінәларын мойындады. Тұтқындалғандардың үшеуі уақытша ұстау изоляторына қамалса, екеуінен қала аумағынан шықпау туралы қолхат алынды. Олардан заттай айғақтар тәркіленді.

Көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталмыш іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан бері департамент қызметкерлері 350 ұрлықты, оның ішінде бөгде адамның мүлкін жылжымалы құрамнан ұрлауға қатысты 21 қылмысты тіркеді. Олардың 80%-дан астамының беті ашылды.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу