326 қазақстандық ҚХР жоғары оқу орындарында оқуға ұсынылды

811

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглованың төрағалығымен Үкіметаралық гранттар бойынша қорытынды комиссияның кезекті отырысы өтті.  

326 қазақстандық ҚХР жоғары оқу орындарында оқуға ұсынылды Фото: Әділбек Тәуекелов

Білім беру гранттарын тағайындау туралы соңғы шешім Қытай Халық Республикасының тарапынан қабылданады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Құзырлы ведомствоның хабарлауынша, комиссия шешімімен 326 қазақстандық Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға ұсынылды.

"Білім беру гранттарын тағайындау туралы соңғы шешім Қытай Халық Республикасының тарапынан қабылданады. Грант академиялық оқу, жатақханада тұру, медициналық сақтандыру шығындарын өтейді, сонымен қатар студенттерге ай сайын стипендия төленеді. Оқу ағылшын немесе қытай тілінде өтеді", - делінген хабарламада.

Айта кетсек, "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ үкіметаралық гранттардың әкімшісі бола отырып, өтінімдерді қабылдайды және үміткерлерді іріктеуді жүргізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу