-33 градусқа дейін аяз, боран: Қазақстанда күн күрт суытады

140

Синоптиктердің болжамынша, алдағы түнде кей жерлерде минус 30 градусқа дейін суытуы мүмкін.    

-33 градусқа дейін аяз, боран: Қазақстанда күн күрт суытады

Еліміздің бірнеше өңірінде 10-11 наурыз күндері ауа температурасы күрт төмендейді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақмола және Атырау облысында сейсенбіге қараған түні 15–20 градус аяз, Ақтөбе облысында 23–28 градусқа, Қызылорда және Павлодар облысында 7–12 градусқа төмендейді.

Солтүстік Қазақстан облысында сейсенбі түні 25–30 градус аяз, Шығыс Қазақстан облысында 15–20 градус, Жамбыл облысында 7–12 градус, Абай облысында 20–25 градус аяз тіркеледі.

Оңтүстік өңірлерде түнде -23-тен -7 градусқа дейін суық болса, күндіз күн жылынып, 0-ден +5 градусқа дейін жетеді. Оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы -28 градусқа дейін төмендеуі мүмкін, ал күндіз термометр бағаналары 0 мен -15 градус аралығын көрсетеді.

Ал, республикамыздың батыс бөлігінде түнде термометр бағаналары -28 градустан +2 градусқа дейін көтерілсе, күндіз ауа температурасы -13-тен +10 градусқа дейін жетеді. Солтүстік-батыс өңірінде түнде -33 градусқа дейін аяз болып, күндіз -20 мен +3 градус аралығына дейін өзгереді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу