345 шахмат үйірмесі ашылады

1632

345 шахмат үйірмесі ашылады

Павлодар облысында 2017-2018 оқу жылында барлық 345 негізгі және орта мектепте шахмат үйірмелері ашылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Жомарт Қарамбаев мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Жаңа оқу жылында 146 мектепте робот техникасының кабинеттері жұмыс істейді, - дейді Жомарт Қарамбаев. - Өткен оқу жылы облыс әкімінің бастамасымен ашылған 200 шахмат үйірмесі жұмысын жалғастыратын болады. Білім беру нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Бұл қаржыға бірқатар мектеп асханаларының технологиялық жабдықтары мен оқушылар жиһазын, компьютер техникасын, спорттық жабдықтарды жаңартылып, физика, химия, биология, робот техникасы кабинеттері мен мультимедиялық жабдықтар алынды. 

Спикердің айтуынша, облыс бойынша оқулықтар және оқу-әдістемелік құралдармен жарақтандыру 100 пайызды құрайды.  Жалпы орта білім беру ұйымдарына   979,7 млн теңгеге 943,8 мың дана оқулық  сатып алынған. Бұдан басқа,   2979 оқушыны тасымалдайтын 110 бірлік автокөлік биылғы оқу жылы  жаңа 22 автобуспен толыққан. Павлодар облысында 668 білім беру мекемесі жұмыс істейді. Оның 375-сі мектептер болса, 172-сі балабақша, 13 балалар үйі және 7 түзету ұйымы, 49 колледж. Айта кетерлігі, биыл жаңа оқу жылына арналаған шаралар 2-қыркүйек күні өтеді. Барлық мектептерде "Мен өз елімнің патриотымын" тақырыбында бірыңғай сағат өткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу