35 жыл Кеңес одағының төлқұжатымен жүрген адам анықталды

211

Бұл туралы "Samruk-Kazyna Trust" корпоративтік қоры хабарлады.  

35 жыл Кеңес одағының төлқұжатымен жүрген адам анықталды Фото: bureau.kz

Әйел адам "Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы жобасы аясында мамандардың көмегіне жүгінген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл жағдай Қостанай облысының Қазанбасы станциясында болған. Әйел адам осы уақытқа дейін КСРО төлқұжатымен өмір сүріп келіпті. Ешқашан мемлекеттік органдарға жүгінбеген. Кенет оның денсаулығы нашарлап, дәрігерлердің қабылдауына келген.

Алайда медициналық мекемелер жоқ елдің құжатымен өмір сүріп жатқан тұрғынды қабылдаудан бас тартқан. Жаңа құжаттарды өз бетінше рәсімдеуге жасаған әрекеті сәтсіз аяқталған. Осыны ескеріп пойыздың медиаторы мен заңгері қол созған. Шолпан Шалғазина Қостанай облыстық Адам құқықтары бюросына, Бас прокуратураға және ІІМ-ге ресми өтініш жолдады. Мұрағаттан тұрғын туралы мәліметтер табылып, оған ресми түрде құжаттар берілді.

Дәрігерлердің тексеруі әйелде онкологиялық ауруды растады.

Құжаттарының рәсімделуі арқасында ол облыстық ауруханаға емделуге жолданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу