350 мыңдай қазақстандық педагог жаңашылдыққа қадам басты

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайты жазды.

350 мыңдай қазақстандық педагог жаңашылдыққа қадам басты Фото: Оқу ағарту министрлігі

Ұстаздар арнайы курсқа қатысу үшін reg.orleu.edu.kz сайты арқылы тіркелуі қажет, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ЮНЕСКО-мен бірлесіп педагогтердің цифрлық құзыреттерін дамыту бағытындағы жұмыстарын жалғастырып жатыр. Оқу үдерісінде жасанды интеллектіні тиімді пайдалануға арналған тегін онлайн курсқа қатысушылар саны бүгінде 350 мыңға жуықтаған. Бағдарламаға педагогтермен қатар, еліміздің барлық өңірінен өзге азаматтар да қатысуда. 

– Халықаралық тәжірибеге негізделіп, ұлттық білім беру жүйесінің ерекшеліктері ескеріліп әзірленген курс мұғалімдердің заманауи цифрлық құралдарды орынды қолдану дағдыларын қалыптастыруға және оқыту сапасын арттыруға бағытталған. Оқу барысында қатысушылар жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдалану, оқу материалдары мен тест тапсырмаларын әзірлеу, иллюстрациялар жасау және сабақ жоспарын жетілдіру тәсілдерін меңгереді, – делінген ресми хабарламада. 

Тегін онлайн курс "Өрлеу" MOOC платформасында барлық азамат үшін қолжетімді болып тұр. Қатысушылар оқу материалдарын өзіне ыңғайлы уақытта меңгеріп, курсты аяқтағаны туралы куәлік ала алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу