3600 гектар егістік алқабы су астында қалды

1110

Шығын көлемі 404 млн теңге.  

3600 гектар егістік алқабы су астында қалды

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында 3600 гектар егістік алқабы су астында қалды, деп мәлімдеді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов онлайн-брифинг барысында. 

"Облыста шамамен 3600 гектар егістік алқабы су астында қалды. Әсіресе, Жаңа тұрмыс және Жеңіс елдімекендерінде. Бұлардың 85%-ы жаңадан егілген мақта. Тек егістік бойынша шығын көлемі шамамен 404 млн теңге. Қазіргі кезде 95 маман шығын есебін жүргізуде. Сонымен қатар 6000 мың бас мал эвокуацияланды", – деді Сәкен Қалқаманов. 

Еске сала кетсек, Өзбекстанда Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, Түркістан облысында екі ауылды су басты. Аймақта техногендік төтенше жағдай жарияланды. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу