369 ауыл шаруашылығы өндірушісі қаржыландырылды

787

"Азық-түлік келісім шарт корпорациясына" форвардтық сатып алу бойынша құны 39 млрд теңгені құрайтын 300-ден астам өтінім келіп түсті. 28 мамырға дейін ауыл шаруашылығы өндірушілерінің шоттарына 37,7 млрд теңге аударылды. 

369 ауыл шаруашылығы өндірушісі қаржыландырылды

"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Қанат Қарауылов осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Белгілі болғандай, форвардтық сатып алу Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарында жүзеге асырылды.

"Сатып алынған ұн, нан, қарақұмық жармасы, күнбағыс майы, сиыр еті, тауық еті, сүт, айран, сары май, тауық жұмыртқасы, сүзбе сынды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары ішкі нарыққа шикізат түрінде жөнелтіледі", – деді басқарма төрағасы.
Қанат Қарауыловтың айтуынша, 2020 жылы республикалық бюджеттен форвардтық сатып алуға 24,5 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 369 ауыл шаруашылығы өндірушісі қаржыландырылды.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу