"37 миллионға – көлік алу, 10 миллионға – Түркияға барып емделу": Сотта Перизат Қайраттың анасының жазбалары оқылды

Ғайни Алашбаеваның телефонынан табылған тізім көпшіліктің ашу-ызасын тудырған еді.  

"37 миллионға – көлік алу, 10 миллионға – Түркияға барып емделу": Сотта Перизат Қайраттың анасының жазбалары оқылды Фото: 01pk

Бүгін сот процесінде мемлекеттік айыптаушы Арман Кезекен Перизат Қайраттың анасының телефонға "түртіп" жүрген бірқатар тізімін оқып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Онда былайша жазылған.

  • 37 миллион теңге – көлік сатып алу;
  • 5 миллион теңге – тіс емдеу;
  • 10 миллион теңге – Түркияға барып емделу;
  • 3 миллион теңге – БАД (биологиялық белсенді қоспалар) сатып алып ішу;
  • 10 миллион теңге – қыдыру;
  • 3 миллион теңге – фэншуй;
  • 1 миллион теңге – БАД-зы оқу (қытай астрологиясы);
  • 2 миллион теңге – офлайн қыдыру;
  • 3 миллион теңге – киім сатып алу;
  • 3 миллион теңге – ақ алтыннан жасалған гауһар білезік.

Прокурорлардың сөзінше, Перизат Қайрат пен анасы мұндай қымбат заттарға ақшаның қайдан келгенін нақтыламаған.

– Ол тек Астана мен БАӘ-дегі пәтерді сату, сондай-ақ ет өнімдерін сату туралы дәлелденбеген уәждерді ұсынды. Сотқа дәлелді ақпарат ұсынылмады, – деп ашығын айтты мемлекеттік айыптаушы.

Бұған дейін Перизат Қайрат пен анасының 3,5 миллиард теңгені қайда жұмсағанын жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу