37 шетелдік компанияны елге көшіру жұмысы жалғасып жатыр

288

Биыл жоспар бойынша негізгі капиталға 22,1 трлн теңге инвестицияланады деп күтілуде.

37 шетелдік компанияны елге көшіру жұмысы жалғасып жатыр Фото: canva.com

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Үкімет алдына инвестициялар тарту бойынша өршіл міндеттер қойылды. 2024 жылы жоспар бойынша негізгі капиталға 22,1 трлн теңге инвестицияланады, бұл өткен жылдың қорытындысынан 22%-ға артық. Инвестициялық жобалардың бірыңғай пулы аясында биыл 2,3 трлн теңге сомаға 234 жобаны іске асыру жоспарланған. Өңірлердің әрбір әкімі мен салалық мемлекеттік органдардың министріне KPI бекітілген", - деді министр.

Нұрлан Байбааров инвестициялық штаб шеңберінде инвесторлардың мәселелерін жедел реттеу бойынша шаралар қабылданып жатқанын айтты.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық өңірдегі прокурорлар пулда тұрған жобаларды сүйемелдейді. 37 компанияны орналастыру жұмыстары жалғасып жатыр", - деп атап өтті ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу