Париж турнирінде Путинцева қарсыласынан басым түсті

156

Қарсыластар осыған дейін өзара бір рет кездесіп, онда Путинцева жеңіске жеткен еді.

Париж турнирінде Путинцева қарсыласынан басым түсті Фото: Antonio Borga/Eurasia Sport Images

Қазақстанның екінші, әлемнің 77-ракеткасы Юлия Путинцева Париж (Франция) WTA 125 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 50-інші, осы жарыстың 6-ракеткасы, америкалық Маккартни Кесслермен өткізді.

Қарсыластар осыған дейін өзара бір рет кездесіп, онда Путинцева жеңіске жеткен еді. Бұл жолы Юлия қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады — 6:1, 6:1.

Бір сағат 8 минутқа созылған бәсекеде Путинцева 10 брейк-пойнттың алтауын мүлт жібермеді. Кесслер 1 брейкпен (7 брейк-пойнт) шектелді. 

Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 362-ракеткасы, америкалық Слоан Стивенс немесе іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен таласады. 

Парижде Ролан Гаррос турнирі қарсаңында 11-17 мамыр аралығында өтіп жатқан аталмыш доданың жүлде қоры 115 мың АҚШ долларына бағаланған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу