399 мыңнан астам адам ұлттық спортпен айналысады

1043

2021 жылы елорда да І әлемдік этноспорт ойындары өткізілуі мүмкін. 

399 мыңнан астам адам ұлттық спортпен айналысады

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәжілісте өткен үкімет сағатында ұлттық спорттың 20-дан астам түрі белсенді дамып жатқанын жариялады. 

"2019 жылдың қорытындысында ұлттық спорт түрлерімен 399 мыңнан астам адам айналысатыны белгілі болды. Қазір елімізде ұлттық спорт түрлері бойынша 8 мамандандырылған клуб пен 13 мамандандырылған спорт мектебі бар", – деді Ақтоты Райымқұлова.

Сөз арасында ол "Қазақстан барысы" жобасы ұлттық спорттың брендіне айналғанын айтты. 
"Еуразия барысы", "Әлем барысы" турнирлері халықаралық деңгейге шығуға мүмкіндік берді. Ұлттық спортты дамыту бағытындағы ауқымды шаралар жалғасын таба береді. Келесі жылы Нұр-Сұлтан қаласында І әлемдік этноспорт ойындарын өткізу бастамасы қарастырылып жатыр. Бұл ойындарда 15 спорт түрі бойынша жарыс өткізу жоспарланған", – деді министр. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу