4,4 трлн теңгенің 934 инвестициялық жобасы жүзеге асырылады

782

Соңғы 11 айда агроөнеркәсіп кешенінің негізгі капиталына 659,7 млрд теңге инвестиция салынды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40,5%-ға көп көрсеткіш. Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

4,4 трлн теңгенің 934 инвестициялық жобасы жүзеге асырылады

"Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына салынған инвестиция 91,2 млрд теңгені құрады. Нәтиже өткен жылдың көрсеткішінен 2,6%-ға жоғары болды", – деді Ербол Қарашөкеев.

Министрдің мәлімдеуінше, 2021-2025 жылдар аралығында агроөнеркәсіп кешенінің инвестициялық жобаларын іске асыру мақсатында әзірленген жол картасына сәйкес жалпы құны 4,4 трлн теңгені құрайтын 934 инвестициялық жоба іріктеліп алынды. 

"Осы жобалардан негізгі ірі бағыттар айқындалды. Ет бағытында шамамен 1 трлн теңгенің 301 жобасын іске асыру көзделіп отыр. Жылыжай кешені бойынша 1 трлн теңгенің 67 жобасын жүзеге асыру жоспарланған. Сүтті мал шаруашылығы бойынша 452 млрд теңгенің 186 жобасы қолданысқа беріледі. Құс шаруашылығы бойынша 373 млрд теңгеге 47 құс фабрикасы салынады. Өсімдік шаруашылығы өнімін өңдеу саласында 300 млрд теңгенің 73 жобасы ақиқатқа айналады. 5 жыл ішінде қантпен қамтамасыз ету 80%-ға дейін жеткізіледі. Осы бағытта 228 млрд теңгені құрайтын жобаның жұмысы басталады. Қарқынды бақтар аясында 100 млрд теңгенің 32 жобасы жемісін береді. Өзге бағыттар бойынша құны 834 млрд теңгенің 225 жобасы қолға алынады", – деді Ербол Қарашөкеев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу