Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров AIF-2025 форумын өткізуге жұмсалған қаражатқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасап.
Бұған дейін Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Астана халықаралық форумын өткізуге 4,5 млрд теңге жететінін мәлімдеген еді.
СІМ өкілі форумды ұйымдастыруға жұмсалатын қаражаттың нақты саны белгісіз екенін баса айтты.
"Сіз 4,5 млрд теңге деп отырсыз. Осы 4,5 млрд теңге жақын арада 4,5 млрд доллар болып қайтуы мүмкін. Әрине, бұл мүмкін. Мен сізге ең кемінде деген есеппен айтып отырмын. Менің пайымымша, одан да артық инвестиция келеді. 7-10 млрд доллар аралығында инвестиция тартуға болады", - деді Әлібек Қуантыров.
Айта кету керек, бұған дейін FAO басшысы еліміздің су ресурстарын басқаруда әлеуеті зор екенін айтқанын жазған едік. Руанда басшысы AIF-2025 форумында өз елінде болған геноцид туралы айтты.