4,5 мың отандасымыз Мальдив аралдарында демалған

1284

Мальдив аралдарында тыныққан туристердің саны бойынша қазақтандықтар көшбасшылардың қатарынан көрінді, деп хабарлайды Atameken Business.  

4,5 мың отандасымыз Мальдив аралдарында демалған

Иә, пандемияға қарамастан бір ғана қаңтар айында 4,5 мыңға жуық отандасымыз Үнді мұхитына шомылып, Мальдив күніне қыздырынып қайтқан. Бұл – төртінші орын. Көшбасшы – теріскейдегі көрші. Жылдың алғашқы айында жұмақ аралдарына 21 мың ресейлік жол тартқан. 19 мың туристпен екінші орында Үндістан тұр. Украинадан 7200-ден астам адам келген. Бізден кейін үздік бестікті Румыния азаматтары тұйықтап тұр. 

Бұл елдерден келген демалушылар Мальдивтегі барлық туристердің 35 пайызын құраған. Ал пандемияға дейін аталмыш аралдар еуропалықтар мен қытайлықтар арасында аса танымал болған. Сарапшылардың пікірінше Еуропа елдерінде вакцинацияның басталғанына қарамастан, кәрі құрлық тынығушыларының артуы екіталай. Керісінше, жоғарыда аталған 5 елдің азаматтары ақпан айы мен көктемде Мальдив курорттарына ағылуды азайтпайды деген болжам бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу