4 адамның өмірін қиған жол апаты: Маңғыстауда автобус жүргізушісі қамауға алынды

119

42 жолаушы түрлі дене жарақатын алған.

4 адамның өмірін қиған жол апаты: Маңғыстауда автобус жүргізушісі қамауға алынды Фото: видеодан алынған кадр

Маңғыстау облысында төрт адамның өмірін қиған жол апатынан кейін автобус жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің ақпаратынша, жол апатынан 4 адам оқиға орнында қаза тапқан. Олардың 17-сі ауруханаға жатқызылған. Ал қалғандары амбулаториялық емге жіберілген.

"Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген хабарламада.

Естеріңізге салайық, Маңғыстау облысында 50 жолаушысы бар автобус аударылып, 4 адам қаза тапқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу